Құрметті клиент!

Біздің компания Қазақстанның құрылыс қызметтерін көрсету нарығында 10 жылдан астам уақыт бойына белсенді қызмет етіп келеді.

Осы кезең ішінде біз көптеген азаматтық және өнеркәсіптік мақсаттағы маңызды объектілерді салдық, олардың ішінде, Астана қаласындағы Есіл өзені арқылы «Атырау» жаяу жүргіншілер көпірі, Алматы қаласындағы «Koktobe City» ТК, Жамбыл облысындағы өтпе жолдар, БҚО-дағы газды кешенді дайындау учаскесі, Астана қаласындағы «Триумфальная арка» ТК, «Парк Авеню» ТК, «Жасыл квартал» ТК , «Сармат» ТК, «Номад» ТК.

Осы жылдар ішінде біз компанияның табысының – бизнес процестерді жетілдіруге бағытталған инженерлік-техникалық команданың біліктілігі және операциялық шығындарды тұрақты оңтайландыру екендігіне талай рет көз жеткіздік. Қазіргі таңда нарықта икемді, ресурстар шығынын қысқарту тәсілдерін табатын, демек жұмысты жылдамырақ, сапалы және тиімдірек жасайтындар қалады. Біздің команда жоғары біліктілікке қол жеткізуге ұмтылатын салаларда менеджерлік тәртіпке және қолданбалы дағдыларға оқытылады, тәжірибемен белсенді бөліседі. Бұл заманмен қатар жүруге және Клиенттің өсіп отырған сұранымдарына сай келуге мүмкіндік береді. Клиент жиі мердігерді таңдау кезінде жасырын, ілеспе шығындарға көңіл бөлмейді және осының салдарынан жиі қайта жөндеулерге тап болады және жоспарланбаған шығындарды көтереді. Біз өз Клиентіміздің мүддесін қорғауға тырысамыз және жұмыс барысын оңтайландыруға мүмкіндік беретін шешімдерді іздеумен және кеңес берумен көмектесеміз. Бізге әрбір Клиент қымбат! Біз өзімізді Қазақстандағы құрылыс саласының көшбасшысы ретінде көреміз және 2020 жылы халықаралық құрылыс нарығына шығуды жоспарлап отырмыз.

© 2018 TENGIZINVESTSTROY
Сайтты жасаған - EMOTIONS GROUP